Артқа
Артқа

2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ

ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА НОЯБРЬ 2024 ГОДА
Қазақстандық дәрігерлер заманауи технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жоғары кәсібилік көрсетуде. Еліміздің әр өңірінде күрделі оталар, соның ішінде сирек кездесетін патологиялары бар жаңа туған нәрестелерге хирургиялық араласу, сәбилер мен ересектерден қатерлі ми ісіктерін алып тастау, сондай-ақ қан тамырлары мен ішкі ағзаларға бірегей процедуралар сәтті жүргізілуде. Біздің мамандар шетелдік дәрігерлермен бірлесіп ота жасап, шеберлік сабақтарына қатыса отырып, озық әдістерді белсенді түрде меңгеруде. Біз 2024 жылдың қараша айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған қымбат әрі бірегей 10 операцияны жинадық. Ақтаулық дәрігерлер нәрестенің өмірін аман алып қалды Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады. Сәбиге диагноз анасының жатырында жатқанда-ақ қойылған. Нәрестенің ішектері денесінен тыс орналасқан.

Ота сәбидің өмірге келгенінен кейін 12 сағаттан соң жасалды және бір жарым сағатқа созылды. Дәрігерлер дүние есігін енді ашқан балаға ота жасаудың үлкен тәуекел екенін атап өтті, десе де бәрі сәтті аяқталды. Қазір сәбидің барлық физиологиялық көрсеткіштері қалыпты, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Павлодарда омыртқа жұлынында киста анықталған әйелге ота жасалды Пациент екі жыл бойы басы, мойны мен денесінің сол жақ бөлігіндегі ауырсынудан бас көтере алмаған. МРТ нәтижесінде оған омыртқа жұлынында киста диагнозы қойылды. Дәрігерлер микроскопиялық декомпрессия және кистаны ашық дренирлеу отасын жасады. Нейрохирургтің айтуынша, бұл операция жасалмаса, сал ауруына әкелуі мүмкін еді. Сондай-ақ, отадан кейін киста ұлғаймайды.

Құны 1 миллион теңге тұратын ота МӘМС жүйесі аясында тегін жасалды.

Астанада төрт айлық сәбидің миынан ісікті алып тастады Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері туабітті ми ісігі бар 4 айлық нәрестеге ота жасады. Анасын алаңдатқан алғашқы белгілер: құсу, бас ауруы, көру және есту қабілетінің төмендеуі байқалған.

Дәрігерлердің айтуынша, ісік мидың сабауын қысып, баланың өміріне қауіп төндірген. Ота жоғары технологиялық жабдықтарды қолдана отырып сәтті өтті. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, есту қабілеті қалпына келе бастады, ұйқысы жақсарды. Гистологиялық зерттеулердің нәтижесінен кейін емдеудің келесі кезеңі анықталады.

СҚО дәрігерлері италиялық маманмен бірлесіп миға үш ота жасады Көпсалалы облыстық ауруханасында алғаш рет күрделі ми аневризмаларын емдеу үшін pConus2 бифуркациялық имплантын эндоваскулярлық жолмен енгізу операциясы жасалды. Эндоваскулярлық ота кезінде құралдар қан тамырының қабырғасына кішкентай тілік немесе тесік арқылы енгізіледі. Солтүстік аймақта бұл операция алғаш рет жасалды. Ота нейрохирургия бөлімі мен ангиография кабинетінің мамандарының және Миландық әріптес Alessandro Checchia-ның қатысуымен өтті.

«Шеберлік сағаты аясында МӘМС аясында үш пациентке ота жасалды. Бәрі сәтті аяқталды», — деп хабарлады аурухана өкілдері.

Шымкентте шала туған балаға екі күрделі ота жасалды Салмағы 2350 грамм, жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген сәбиде ауыр туа біткен патологиялар – эмбрионалды жарық пен бауыр кистасы анықталып, шұғыл түрде хирургиялық араласу қажет болды. Дәрігерлер кіндік жарығын және бауырдағы кистаны алып тастады. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында.

Павлодар дәрігерлері дене шынықтыру мұғалімінің қолын қалпына келтірді Бастапқыда Екібастұз тұрғынының кішкентай саусағы ұйып қала берген. Кейін саусақтардың сезімталдығы жоғалып, ақырында қол буыны кішірейе бастаған. Мектеп мұғалімі сал ауруына шалдығып қалу алдында болды. Дәрігерлер әкубитальды канал синдромыә диагнозын қойып, екі қолына да ота жасады. Науқастың айтуынша, процедурадан кейін келесі күні қолдары қайта қимылдай бастады.

Мамандардың айтуынша, шынтақ нервінің нейропатиясы бухгалтерлер, бағдарламашылар және сағат жөндеушілер арасында жиі кездесетін кәсіби ауру болып саналады.

Аустриялық кардиологтың қатысуымен жүрек тамырларына ота жасалды Алматыда коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиясын реканализациялау бойынша шеберлік сағаты өтті. Аустриялық интервенциялық кардиолог Аурель Тома жүрек тамырларындағы қан ағымын қалпына келтірудің заманауи әдістерін көрсетті.

Шеберлік сағаты барысында ауыр халдегі үш науқасқа ота жасалды. Бұл процедуралар қан ағымын қалпына келтіруге, ентігу мен ауырсынуды жоюға, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Ота кезінде науқас есін біледі. Қан тамырын тесіп, артерияға арнайы катетер енгізіледі және арнайы сымдар арқылы бітелген артериялар ашылады. Соның нәтижесінде жүрек бұлшықеттері қалыпты қан айналымымен қамтамасыз етіледі.

Шымкентте 2024 жылы 20-дан астам жоғары технологиялық нейрохирургиялық ота жасалды №2 қалалық ауруханасында үштік нерв невралгиясын емдеу бойынша нейрохирургиялық оталар сәтті жасалуда. Қараша айының басында 35 жастағы науқасқа төрт сағатқа созылған күрделі ота жасалып, жағдайы тұрақтанды.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханада жоғары технологияларды қолдану арқылы ми ісіктері, аневризмалар, эпилепсия және басқа да күрделі аурулар емделеді.

Астанада 3D-эндоскопия әдісімен мидың қатерлі ісігі алынды Нейрохирургия орталығына жиі бас ауруы мен әлсіздікке шағымданған ер адам жүгінді. КТ және МРТ нәтижесінде ми ісігі (хордома ската) анықталды. Ісік ми сабауын қысып, ірі қан тамырларына және артқы бас сүйек қуысына таралған. Науқасқа 3D эндоскопиялық трансназальды ісікті алып тастау операциясы жасалды.

Алматыда 7 жасар баланың миынан киста алынды Қараша айының басында Даниилдің миында киста анықталды. Үш аптадан кейін қалалық №2 балалар ауруханасының нейрохирургтары оны сәтті алып тастады. Қазіргі уақытта бала оңалту кезеңінен өтіп, толық қалпына келуді күтуде.
11.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
СКОЛЬКО ПОСТАВЩИКОВ БУДЕТ ОКАЗЫВАТЬ МЕДУСЛУГИ В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды.
31.01.2025
НАЗНАЧЕН ДИРЕКТОР ФИЛИАЛА ФСМС ПО АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ҚОРДЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бұл қызметке Нұрбол Тымпиев тағайындалды. Ол бұған дейін өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
28.01.2025
В ФОНДЕ ПОВТОРНО РАЗЪЯСНИЛИ РЕЗУЛЬТАТЫ АУДИТА ВАП
ҚОРДА ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ЖҮРГІЗГЕН АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЙТА ТҮСІНДІРДІ
Жоғары аудиторлық палата анықтаған 34 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтар рәсімдік сипатта әрі егжей-тегжейлі құқықтық бағалауды қажет етеді. Анықталғандардың біршама бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігімен байланысты.
27.01.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу